Қазақстанда 1 мамырдан бастап көше атауларын өзгертуге мораторий енгізіледі

Қазақстанда 1 мамырдан бастап көше атауларын өзгертуге мораторий енгізіледі

Қазақстанда 1 мамырдан бастап көше атауларын өзгертуге мораторий енгізіледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда 1 мамырдан бастап көше атауын өзгертуге мораторий енгізілмек. Мұндай ұсыныс Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысы барысында жасалды. «Сапалы санақ жүргізу үшін комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу қажеттілігін қарастырды», - делінген комиссия отырысынан кейін таратылған ақпаратта. Осыған орай комиссия төрағасы – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлттық статистика бюросына аталған мәселе бойынша Президент Әкімшілігінің бекітуі үшін ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайылов статистикалық өндірісті одан әрі цифрландыру тұжырымдамасын мақұлдаған болатын. Бұл Big Data көмегімен деректерді жинауға, респонденттерге есеп беру жүктемесін азайтуға және ресми статистиканың мейілінше сапалы болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.