Парасатты толғамдар топтамасы
Парасатты толғамдар топтамасы
Тәуелсіздіктің айғағындай, ұлт мұратының айнасындай «Túrkistan газеті» жинағы – елшілдік, мемлекетшілдік, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-саяси мән-мағынасы айрықша ауқымды, заманауи, сан сипатты тақырыптарымен ерекшеленеді. Егер де географиялық кеңістігі қандай дегенде Түркістан яки Тұран елі «Батысында Орал өзені мен Каспий теңізі өңірінен, шығысында Алтай мен Қытай шекарасына дейін, оңтүстігінде Персия мен Ауғанстанның, солтүстігінде Тобыл губерниясы мен Том губерниясына дейінгі орасан зор аймақты алып жатыр» дейтін сипаттама (Ф.Брокгауз, И.Ефрен. Энциклопедиялық сөздік. т.ХХХІV. 1902) лайық.