Жаңалықтар

Ақиқатын айтам деп, ардан аттамаған мақұл

ашық дереккөзі

Ақиқатын айтам деп, ардан аттамаған мақұл

Дегуманизациялану ме­то­ди­касын зерттеген америкалық пси­холог ғалым Джозеф Овертон­ның «Овертон терезесі» деп ата­ла­тын концепциясы бар. Бұл теория қо­­ғамдағы ақылға сыймайтын, жа­­ғымсыз, жирендіретін дү­ние­лер­ді қалыпты құбылысқа қалайша оп-оңай айналдыруға болатынын көр­сетеді. Яғни, қоғамның мо­ра­ль­дік принциптерін біртіндеп жоюды қа­лай іске асыруға болатыны ашық әрі қарапайым түрде түсіндіріледі. Ең қызығы – бұл өзгерістерді ешкім де сезіп, болжай алмайды. Методика алты сатыдан (терезеден) тұра­ды, сол арқылы қоғам санасына жат, өгей та­ным сыналап енеді. Алғашқысы – «Ақылға қо­нымсыз» кезең, бұл кезеңде жоқ жерден бір­ден көтерілген тақырыпты халық қабылдай алмай, қоғамда резонанс туады. Екінші «Ра­ди­калды» кезеңде қасақана халықтың ашуына тию, солайша мәселеге көңіл аудартып, тал­қы­лату басты мақсат болады. Жаға ұстатарлық дү­ниелер туралы ақпаратты бұқараға күшпен тық­палау басталады, тіпті ғылыми сим­позиум­дар мен дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған дейін де сол тектес оқиғалардың бол­ғаны, тарихи дәлелдер келтіріледі. «Түсінуге ұмтылу» кезеңінде қоғам бұл мәселеге бұрын­ғыдай тосырқап қарамайтын болады, «түсініп көруге болатын сияқты» дегендей екіұдай ой туады. «Ақылға қонымды» кезеңде жаңағы мәселе қалыпты дүние ретінде қабылдана бас­тайды, ел алдында жүрген танымал адамдар жақ­таушылар мен даттаушылар болып екіге жа­рылады. Келесі «Танымал ету» кезеңі өте қауіп­ті саналады. Бұл сатыда әлгі мәселе «сары» басылымдар мен рейтинг қуған ток-шоулардың сүйікті тақырыбына айналып шыға келеді, со­лайша, «Қоғамдағы қалыпты жағдай» кезеңі бас­талады. Бұл кезде алғашында қарсылық ту­дырған нәрсені ешкім жатырқамайтын бо­лады, соған қатысты заң да пайда болады, ха­лық ішінде қарсы пікірлер айтылуы мүмкін, бірақ ешкім де кедергі бола алмайды. «Астарлы ақиқаттан» астар іздеу керек пе? КТК арнасынан үзбей көрсетілетін «Ас­тар­лы ақиқаттың» халық сынына ұшыра­ға­нына біраз болған еді. Бұған дейін осындай фор­маттағы «Өз ойым» бағдарламасының төңі­регінде де сан мәрте дау туындады, жа­бы­лып жүріп «Қалаулымды» жаба алмадық, ке­рі­сінше, заты тамырлас, аты түбірлес «Қа­лаулым сен», QosLike, «Бір болайық», «Кел, ке­­лі­нім» сияқты бағдарламалар көбейді. «Ас­­тарлы ақиқаттың» алдыңғы аптадағы шы­ғарылымы осы наразы халықтың шы­дамының шегіне жеткендей болды. Қоғамда үл­кен шу көтеріліп, әлеуметтік желілерде бағдарламаның жабылуын талап еткен пікірлер жариялана бастады. «Астарлы ақи­қат» ток-шоуының ардан аттап, шектен шы­ғып бара жатқанын жарыса айтқан жұрт бұл бағдарлама ұлттық тамырымызға балта ша­бады деп дабыл қақты. «Бес саусақ бірдей емес», бұл бағдарлама ел ішінде, қоғамда бар мә­селені көрсетіп отырғанын айтып, қол­да­ғандар да кездесті. Осы тектес бағдарламалар­дың жаппай талқыланып, көп қаралым жи­науы халықтың рухани дәрежесін айқындап бер­ді деушілер де көп. Жалпы қоғамда ілуде бір кездесетін жағымсыз жайттарды жарияға жар салудың қажеті қанша? Осы мәсе­лелерге қа­тысты әлеуметтанушы ма­ман Салтанат Ораз­бекованың пікірін білген едік.  Психолог Камила Әділбекқызы мұн­дай бағ­д­арламалар, керісінше жаманнан жирену­ге жол ашады деген пікір ай­тады. – Мұндай бағ­дар­ламаларды не­гізінен іс­­­тейтін жұ­мысы жоқ, қолы бос, уақытын қа­лай өткізетінін біл­мейтін адамдар көреді. Олар­ды эфир­ден алып тас­тасақ та, кейін бас­қ­а­сы шығады. Адамдарда тіпті тәуелділік те пайда болады, интернеттен өздері бас­қа­сын тауып алып көре береді. Мұның қа­та­рына түрік сериалдарын қосуға болады. Бі­рақ, не­гативті дүниені көре-көре ол қалыпты жағ­дайға айналады дегенге өз басым келіс­пей­мін. Керісінше, одан жеруге, жаман іс-қылық жасамауға ықпал етеді деп ойлаймын. Мұн­дай бағдарламаларға барған психо­лог­тар, көп жағдайда жағымсыз кейіпкердің өзін ақтап алып, қалыпты жағдай деп тү­сін­діреді. Себебін өскен ортасынан, балалық ша­ғынан іздеп, кінәсіз деп ақтап алады. Бірақ олай істеу дұрыс бола бермесі анық, – деп түйін­деді Камила Әділбекқызы. Хош делік, күрмеуі қиын мәселенің ше­шімін таппай қиналғандарға шығар жолды нұс­қаса құба-құп дейміз, алайда, мұндай бағ­дарламалардың кейіпкерлері – әртістер, ал сюжеті – алдын ала дайындалған қойы­лым деген пікірлер де көп айтылып жүр. Алдау ма, қолдау ма? «Астарлы ақиқатқа» ұқсас бағдарламалар Ресей мен Украинада да біраз уақыт бойы та­­нымалдықтың шыңында болды. Эфирде өз оқиғасын бүкіл елге ашық айтатын кейіп­керлерге осы үшін ақы төленетіні де ашық ай­тылып, жазылып жүр. Алыс аймақтардан ке­летін кейіпкерлерге келу және кері қайту, қонақ үйде тұру, тамақтану ақысы қоса бері­леді. Журналистік зерттеулерге сүйенсек, атышулы «Пусть говорят» бағдарламасының кейіп­керлері 50-70 мың рубльден 300 мың руб­льге дейін алады. Ал шоу бизнес жұл­дыз­дарының талабы бұдан да жоғары болатыны айт­паса да түсінікті. Оларға 500 мың рубль ұсы­нылады. Студиядағы мәселеге қатысты пі­кір айтатын психологтар, диетологтар, заң­герлер және басқа да сарапшылар көбі­не­се жарнама үшін тегін келіседі. Бірақ таны­мал эксперттерге 30-50 мың рубль аралы­ғында төленеді екен. Ал «Қалауым сен» бағдарламасына қа­тыс­қан кейіпкерлер бағдарламаның сце­на­рийі алдын ала дайындалып қоятынын ай­тып сұхбат та беріпті. Ал «Қалаулым» бағ­дар­ла­масының екінші  маусымына қатысып, ар­тынша жобадан кеткен Жанар (есімін өз­гертіп беруді өтінді) әр эфир үшін ақша тө­ле­нетінін, қатысушылардың көбісі бір-бірі­мен таныс болса да, шоу жасау үшін рөл ой­найтынын айтады. Артынша «Астарлы ақиқат» бағдар­ла­ма­сының сайтта көрсетілген байланыс нөмі­рі­не хабарласып көрдік. «Бізде барлығы шы­найы, адамдар редакцияға мәселелерін ай­тып өздері хабарласады. Егер қандай да бір факт, нақты дәлел болса ғана жауап береміз» деген қысқа ғана жауап алдық. Жалпы айтқанда, біздің отандық те­леар­налардан көрсетілетін ток-шоу­лардан соны соқпақ табу қиын. Фор­ма­ты да, жүргізушілер­дің стилі де, тіпті кейіп­керлердің проблема­лары да ұқсас. Мақаланың басында "Овертон те­резесі" тура­лы сөз қозғадық. Мето­ди­ка­ның төртінші са­тысында бұқаралық ақпарат кұрал­дары­ның қоғамдағы рөлі, маңызы туралы да анық айтылады. Ең қарапайымы – эстетикалық нор­маға да сай келмейтін көріністерге көз үй­рен­гені қоғамға қауіпті. Яғни көңіл көк­жиегімізді кір шалмауы үшін көгілдір эк­ран­нан көрсетілетін дүниелерді сүз­гіден өткізу ке­зек күттірмейтін мәселеге ай­налуы тиіс.