Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады
ашық дереккөзі
2021 жылы Алматы қаласында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 362 камерасы орнатылады. Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов есеп беру жиынында айтты. Алматының бас полицейі Қанат Таймерденов онлайн кездесу барысында «Сергек» камераларының тиімділігі туралы айтты. «Қазір қала тұрғындары «Сергек» камераларының жол қауіпсіздігіне және апатың азаюына септігін тигізетінін түсінді. Бізде қалада 464 «Сергек» камерасы бар. Биыл жыл соңына дейін тағы 362 пост орнатуды көздеп жатырмыз. «Сергек» камералары ең алдымен автобус жолақтары бар көшелерінде пайда болады», – деді департамент басшысы Қанат Таймерденов.