Мүгедек жандар баспана кезегіне күмәнмен қарайтын күйге жетті – сенатор

Мүгедек жандар баспана кезегіне күмәнмен қарайтын күйге жетті – сенатор

Мүгедек жандар баспана кезегіне күмәнмен қарайтын күйге жетті – сенатор
ашық дереккөзі
Сенатор мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап салынатын үй құрылысының сапасын арттыруды талап етті. «Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс деген болатын. Біздің депутаттық сауалымызға мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін баспана мәселесі себеп болып отыр. Мүгедек адамдар ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегі арқылы баспананы кезекпен алуға болатынынан күдер үзіп, күмәнмен қарайтын жағдайға жетті», – деді сенатор Нариман Төреғалиев Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін пәтерлер тиісті талаптарға сай болмай жатады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен пәтер бөлмелерінің іші уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттігінен туындайтын санитарлық талаптарға сай жобаланып берілуі керек еді. Алайда бұл талаптар орындалмай жатыр. Ол баяндалғанды ескере отырып, бірқатар шараны жүзеге асыру қажеттігін айтты. Біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан «Әлеуметтік кодекс» аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта туралы заң нормаларын әзірлеп, осы кодекске арнайы бөліммен енгізу ұсынылды. Екіншіден, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолжетімді баспанамен қамту мақсатында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға және мүгедектерге берілетін тұрғын үйлерге қойылатын талаптарды кеңейту бөлігінде уәкілетті органның ережелер жинағына халықаралық заңнамалар тәжірибесін зерделей отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілді. Үшіншіден, жергілікті атқарушы органдарға жаңадан салынатын тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттамаларын уәкілетті органның ережелер жинағының талаптарына сай жоспарлауды қадағалау ұсынылды.