Дипломаттарға қойылатын талап күшейтіледі – Сенат

Дипломаттарға қойылатын талап күшейтіледі – Сенат

Дипломаттарға қойылатын талап күшейтіледі – Сенат
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. Заң жобасы 2002 жылы қабылданған ҚР «Дипломатиялық қызметі туралы» Заңды жетілдіруге бағытталған. Нормалар министрліктің құзыреті мен құрылымын, дипломатия қызметкерлері мен осы сала ардагерлерінің әлеуетін, жұмыс істеу және қаржыландыру тәртібін қамтиды. «Біз оларды өзекті және қажетті деп, басым көпшілігіне қолдау таныттық. Сонымен қатар, заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары тарапынан, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар ұсыныс пен түзету енгізілді. Олар, «дипломатиялық қызмет ардагері» ұғымын тағайындау үшін арнайы өкілетті 15-тен 10 жылға төмендету және ол бойынша арнайы төлемдерді 2022 жылғы 1-ші қаңтардан бастау. Бұл ұсынысты Республикалық бюджет комиссиясы биылғы 25-ші қаңтарында қолдады. Келесі, «дипломатиялық поштаны» дипломатиялық қызметкерлермен олардың отбасы мүшелерінің жеке мүддесі үшін қолдану құқығын заң жобасынан алып тастау», – деді сенатор Кайрат Кожамжаров. Оның айтуынша, 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес, дипломатиялық поштада дипломатиялық құжаттар мен ресми пайдалануға арналған заттар болуы қажет. Бұл Конвенцияны Қазақстан Республикасы 1993 жылы ратификацияланған және Негізгі заңымыз мұндай халықаралық шарттардың ұлттық заңнамадан басымдығын таниды. «Дипломатиялық поштаға арналған ұқсас талап еліміздің Кедендік кодексінде бар. Осыған байланысты, бұл норманы заң жобасынан алып тастау ұсынылады. ҚР Премьер-Министрінің биылғы 9-шы ақпандағы Қорытындысында, Сенат депуттарының бұл түзетулеріне оң баға берілді», – деді Қ.Қожамжаров. Атап айтқанда, құжатта қазақстандық дипломаттарға қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар күшейтілетін болды. Құжатта оларға мемлекеттік тілмен қатар шет тілдерін білуі қажеттігі көзделіп отыр. Құқық бұзушылық жасағаны үшін дипломатия саласы қызметкерлерінің дипломатиялық дәрежесі төмендетіледі немесе одан айыру да қаралады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң жобасының ерекше маңызын атап өтті. «Құжат еліміздің дипломатиялық қызметінің құқықтық базасын жетілдіреді және реттейді. Жоба сондай-ақ дипломатиялық сала ардагерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған нормаларды да қамтиды. Қабылданған Заң еліміздің дипломатиялық қызметінің тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев. Депутаттар заң жобасын қарау барысында оған бірқатар түзету енгізуді ұсынды. Сенаторлар, атап айтқанда, «дипломатиялық қызмет ардагері» ұғымын түзетуді және осы санатқа жататын адамдар тобын қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ дипломатиялық поштаны елшіліктер қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған заттар мен техниканы жіберуге пайдалану құқығын алып тастауды сұрады. Заң жобасы Сенаттың осы және басқа да түзетулерімен Мәжіліске қайтарылды.