Режиссер Фархат Шарипов фильмі прокатқа шығатын болды

Режиссер Фархат Шарипов фильмі прокатқа шығатын болды

Режиссер Фархат Шарипов фильмі прокатқа шығатын болды
ашық дереккөзі
Биыл, яғни 2021 жылдың 18 ақпанына бастап жылдың ең көп күттірген кинотуындылардың бірі – «18 килогерц» фильмі отандық прокатқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.   Картинаның режиссері Фархат Шарипов «Қызғылт қоян турал хикая», «Тұлғалық өсі тренингі» сынды картиналарымен танылған кинематограф.  width=
Былтыр қазан айында «18 килогерц» көркем фильмі қазақ киносының тарихында алғаш рет 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ кинотуынды Германияның Котбус қаласында өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік деп  танылды. Отандық кинокартина фестивальдің Youth Film Competition атты конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын.
«18 килогерц» картинасы 90 жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертеді. Көркем фильм Зара Есенаманның «Хардкор» кітабының желісі бойынша түсірілген. Режиссері әрі сценарий авторы – Фархат Шарипов. Басты рөлдерде – Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со ойнайды.