13 мың қазақстандық вакцина салдырды

Қазақстанда 13 301 адам ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Вакцинация барлық өңірлерде басталды. 778 егу пункті орналастырылды, оның қазіргі уақытта 166-сы жұмыс істеп тұр, барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тоғыз мыңнан аса медицина қызметкері оқытылды. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 адам егілді», – деді министр.

Министр бірінші болып вакцинаны инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдемнің және басқа да бөлімшелердің медициналық қызметкерлері алатынын еске салды.

Одан әрі вакцинаны педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері алады.

Back to top button