Нұротандық депутат мұқтаж отбасыларға қаржылай қолдау көрсетті
Нұротандық депутат мұқтаж отбасыларға қаржылай қолдау көрсетті
Партия филиалдарының қабылдау бөлмелерінде арнайы бекітілген кестеге сәйкес фракция мүшелері тұрғындарды қабылдап, көтерілген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде. Мәселен, бүгін партия ғимаратында қабылдау өткізген облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев екі бірдей әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға қаржылай қолдау көрсетті.
Халық қалаулысының қабылдауына алғаш келген қала тұрғыны Жансая Жақсылықова асыраушысынан айрылып, жалғыз өзі үш бала тәрбиелеп отыр. Өзі жұмыссыз, әрі жалдамалы пәтерде балаларының жәрдем ақысына күн көріп отырған жалғызбасты ана азық – түліктей қолдау көрсетуге көмек сұрады.
Ал, көпбалалы ана Жанар Ләпбаева қазіргі таңда жолдасының жұмысқа жарамсыз екенін алға тартып, жалдап тұрып жатқан пәтер ақысын өтеуге қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.
Фракция мүшесі әрбір азаматтың көтерген мәселесіне қатысты кеңес беріп, оларды назарға алды. Ал аналар өтінішіне сәйкес қаржылай қолдау көрсетті.
«Тұрғындар тілегін тыңдап, олардың ұсыныстарын билікке жеткізу менің депутаттық парызым десем,жабырқаған жанға қолдау көрсету, бұл азаматтық парызым. Әрине, өмір болған соң түрлі жағдайлар болады. «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында негізгі басымдықтар халық игілігіне бағытталып отыр. Біз партия мүшелері ретінде осы міндеттерді тиімді іске асыруға бар күш жігерімізді жұмысайтын боламыз. Еліміз тыныш, халқымыз тоқ болып, жаңа белестерді бағындыра берейік»,- деді өз сөзінде Мағжан Ералиев.