Былтыр жеке кәсіпкерлер 723 млрд теңге көлемінде несие алған

2020 жылы Қазақстандағы жеке кәсіпкерлер 723 млрд теңге кредит алды, – деп хабарлайды «Бірінші несие бюросының» атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.

«2020 жылы жеке кәсіпкерлердің қарыз портфелі 723 млрд теңгені құрап, былтырға қарағанда 30%-ға өскен», – деді FCB Media Day нарықты кредиттеу жөніндегі жыл сайынғы конференциясында Ә.Нұрғалиева.
Оның айтуынша, бұл ретте негізінен жеке тұлға секілді жеке кәсіпкерлер рәсімдейтін бөлшек несиелер де өсті. Ондай қарыздар портфелі 448 млрд теңгені құрап, 19%-ға өскен.
«Кәсіпкерлік мақсатқа қарыз алу рәсімінің жеңілдетілгенінің арқасында жеке кәсіпкерлер негізінен заңды тұлға ретінде қарыз алуға жүгінетін болған. Жалпы жеке кәсіпкерлер нарығындағы портфель көлемі 1,2 трлн теңгені құрады деп айтуға болады және 2020 жылы бұл сегмент оң өсім көрсетті», – деді атқарушы директор.

Back to top button