"100 жылдыққа тарту болар еді": Ердоған Түркияның басты арманын айтты
"100 жылдыққа тарту болар еді": Ердоған Түркияның басты арманын айтты
Түркия 2023 жылға қарай Айға ғарыш аппаратын жөнелтпек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп жазады Sabah.
"Біздің ұлттық ғарыш бағдарламасындағы басты және маңызды мақсатымыз – республикамыздың құрылуының жүз жылдық мерейтойы қарсаңында алғаш рет Айға жету. Біздің инженерлер айға сәтті қонады деп сенемін", - деді Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының тұсаукесерінде.
Осыдан кейін Түркия басшысы халықаралық ынтымақтастық аясында ғарыш айлағын салу жоспарда бар екенін атап өтті.
Бағдарламаның түпкі мақсаты – ғарышқа Түркия азаматын жіберу.
Сонымен қатар, Ердоған Анкара әскери және азаматтық қажеттіліктер үшін жаңа спутниктер шығарып, спутниктік навигация жүйесін дамыту және ғарыш саласында кәсіби кадрлар дайындау бағытында жұмыс істейтінін айтты.