Мас күйде көлік айдаған: Павлодар облысында әкімнің орынбасары қызметінен айрылды

Мас күйде көлік айдаған: Павлодар облысында әкімнің орынбасары қызметінен айрылды

Мас күйде көлік айдаған: Павлодар облысында әкімнің орынбасары қызметінен айрылды
ашық дереккөзі
Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі өз орынбасарын қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойды. Әнуар Қантаев бүгіннен бастап қызметінен босатылды. Бұл туралы Павлодар облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті хабарлады.  Шарбақты ауданының басшысы шешім қабылдауын ұзаққа созбады. Жұмыстан шығару туралы бұйрыққа Әдеп жөніндегі кеңес шешім қабылдағаннан кейін бірден қол қойылды. Естеріңізге сала кетейік, Әнуар Қантаевты өткен жылдың қараша айында полицейлер мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқан жерінен ұстаған. Сотта кінәсін мойындамаған шенеунік хаттама толтыру кезінде өзінің жұмыс орнын көрсетпепті. Алайда көп ұзамай бәрі анықталған. Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оған қатысты іс Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына жіберілді. Күні кеше өткен жиналыста Шарбақты ауданы әкімінің орынбасарын тыңдау мүмкін болмапты, өйткені ол үндемеген көрінеді. Осыған қарамастан кеңес мүшелері оны қызметінен босатуды ұсынған. Соңғы шешімді оның тікелей басшысы қабылдап, экс-шенеунік жұмысынан айырылды.