Жаңалықтар

Таразда арық тазалаушылар қамыс арасынан белгісіз адамның мәйітін тапты

ашық дереккөзі

Таразда арық тазалаушылар қамыс арасынан белгісіз адамның мәйітін тапты

Тараз қаласындағы арыққа тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар белгісіз адамның мәйітін тауып алды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан облыс орталығындағы Қарасу (5) және Жансая (11) мөлтек аудандарында орналасқан арықтың жағалауынан қайтыс болған адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. «Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен арық ішіне қарау жүргізіліп, мәйіттің қалдықтары анықталды. Сонымен қатар, хабар берген қала тұрғынынан жауап алу барысында оның «Жасыл ел-Тараз» мекемесінде жұмыс атқаратыны анықталып, арыққа тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полиция қызметкерлерін шақырғанын айтқан»,-делінген ведомство хабарламасында. Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының Полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.