Сәбиін үйде босанып, мұздатқышқа жасырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сәбиін үйде босанып, мұздатқышқа жасырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сәбиін үйде босанып, мұздатқышқа жасырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Украинаның Ровенск облысында 34 жастағы әйел үйде босанып, нәрестені сүлгімен орап, мұздатқышқа салып қойған. Келіншек бұл әрекетін бірден мойындамаған. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Хабарламада айтылғандай, әйел, шамамен жүктіліктің жетінші айында болған. Мерзімінен бұрын босанған келіншек баланың кіндігін өзі кесіп, сәбидің денесін тоңазытқышта жасырған. Көп ұзамай әйелден қан кетіп, ауруханаға баруға мәжбүр болыпты. Оның жүктілікке байланысты тіркеуде тұрмағаны, сонымен қатар аяғы ауыр екенін күйеуінен жасырғаны анықталды. Ол дәрігерлерге бала сүюді қаламағандықтан жүктілікті өз бетінше тоқтатқанын айтқан, алайда кейінірек полицияға жаңа туған қыздың денесін қайда жасырғанын мойындады. Әйелдің сөзінше, нәресте өлі туылған. Қазіргі уақытта баланың өлімінің себептерін анықтау үшін бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.