Жаңалықтар

Astana LRT құрылысы қайта жанданады – елорда әкімі

ашық дереккөзі

Astana LRT құрылысы қайта жанданады – елорда әкімі

Astana LRT құрылысын жандандыру үшін банктерден инвестиция тарту жұмысы басталды. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарына есебінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты. «Пандемия кезеңінде LRT құрылысын жалғастыру мәселесі тоқтап қалған еді. Өйткені, Қазақстан екінші деңгейлі банктерден ғана емес, сонымен бірге халықаралық банктерден де сыртқы займ тарту қажет болды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс қайта жанданды. Банктерден қаражат тарту қажет», – деді Алтай Көлгінов. Қала басшысы осы уақытқа дейін салынған LRT нысандары қала көркін бұзып тұрғанын жасырмады. «Оның үстіне оған қомақты қаражат жұмсалып кетті. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Қазіргі уақытта банктерден инвестиция тарту бағытындағы жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді елорда әкімі.