Дерек: Қазақстанда пандемия кезеңінде ажырасу саны үш еседей азайған

Дерек: Қазақстанда пандемия кезеңінде ажырасу саны үш еседей азайған

Дерек: Қазақстанда пандемия кезеңінде ажырасу саны үш еседей азайған
ашық дереккөзі
2020 жылдың үш тоқсанында елде 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу жағдайы тіркелген. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда неке саны – 15,7%, ал ажырасу саны бірден 2,6 есеге азайған. Ranking.kz дерегінше, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ажырасу мен некелесу қатынасы рекордтық төмен көрсеткішке жетті – 19,8%, былтыр бұл көрсеткіш, керісінше, рекордтық жоғары деңгейге жеткен еді – 43,5%. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елдегі тіркелген некенің 69%, яғни 60,4 мыңы қалаларға тиесілі: былтырмен салыстырғанда 17,5% аз. Ауылды жерде тіркелген некелер саны бір жылда 11,6%, яғни 27,2 мыңға дейін қысқарды. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР-да ажырасу жағдайның 73,4%, яғни 12,7 мыңы (бір жыл бұрын – 73,3%) қалаларға, ал 26,6%, яғни 4,6 мың ауылды жерге тиесілі. Бұл ретте қалалық және ауылды жердегі ажырасу саны бір жылда 2,6 есеге қысқарды. ҚР барлық өңірінде неке саны азайды. Көрсеткіш Шымкентте (-27,4%), Қостанай облысында (-19,8%) және Алматыда (-18,3%) төмендеді. Ең төменгі көрсеткіш – Қызылорда (-10,2%), Павлодар (-10,5%) және Түркістан (-11%) облыстарында байқалды. Бір қуантарлығы, елде ажырасу жағдайының да саны аз. Ажырасу санының анағұрлым төмендеуі Қызылорда (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында байқалды.