«Мұқағали» көркем фильмі күзде көрсетілуі мүмкін

«Мұқағали» көркем фильмі күзде көрсетілуі мүмкін

«Мұқағали» көркем фильмі күзде көрсетілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» көркем фильмінің көрсетілімі пандемияға байланысты кейінге қалды. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Facebook-тегі парақшасында: «Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл. Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің фильміне оның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болды. Небәрі 45 жыл ғұмырында өлмес өлең жазып, өшпес із қалдырған ақын тірісінде лайықты бағасын алмады. Алайда өмірін шығармашылыққа арнаған ақын ешқашан мойыған емес. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері пандемияға байланысты кейінге шегерілуде, бірақ осы күзде көрермендер бұл фильмді үлкен экранда көреді деп үміттенеміз», – делінген. Еске сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмысы былтыр маусымда басталған. Негізгі эпизодтар Алматы облысы мен Алматы, Өскемен қалаларында және Санкт-Петербургте түсірілді. Картинаға ақын өмірінің соңғы жылдары арқау болған.