Елімізде 18 мыңнан астам сайт бұғатталуы мүмкін

Елімізде 18 мыңнан астам сайт бұғатталуы мүмкін

Елімізде 18 мыңнан астам сайт бұғатталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстан аумағынан тыс серверлердің 18 мыңнан астам сайты елімізде қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қазір Қазнетте 175 мыңнан астам бірінші деңгейдегі «кз» және «қаз» домен атаулары бар, оның 99 632-сі жұмыс істеп тұр. «Мониторинг нәтижесі бойынша, 2020 жылы қазанда ЦДИАӨМ Ақпараттандыру туралы заңнама талаптарын сақтау мақсатында «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесіне хабарлама жіберді және 45 мыңнан астам тіркеушіг е көрсетілген талаптардың бұзылғаны және оларды 30 қарашаға дейін түзету керектігі ескертілді. Министрлікке домен иелерінен осы талаптың орындалу мерзімін ауыстыру туралы шағымдар мен өтініштер түсе бастады. Министрлік барлық аспектілерді назарға алып, талапты орындау мерзімін 2021 жылғы 1 ақпанға дейін ұзартуды ұйғарды. Қазіргі уақытта 45 мың домендік атаудың 18 623-і қалды, іс жүзінде екіден бір бөлігі қазақстандық хостингке «көшті», - деді А. Оразбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.