Жаңалықтар

Ауа райына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Ауа райына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанда бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда ертең батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 10 ақпанда Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 10 ақпанда Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. 10 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Шымкентте ертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін. 9 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді.