Өзбекстанда президент сайлауын өткізу мерзімі ауысты

Өзбекстанда президент сайлауын өткізу мерзімі ауысты

Өзбекстанда президент сайлауын өткізу мерзімі ауысты
ашық дереккөзі
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев президент сайлауын желтоқсаннан қазанға ауыстыратын заңнамадағы өзгерістерге қол қойды. Заң мәтіні «Народное слово» газетінің сайтында жарияланды. «Өзбекстан Республикасы Конституциясының 117-бабының екінші бөлігіндегі «желтоқсан» сөзі «қазан» сөзіне ауыстырылсын», – делінген заң мәтінінде. Құжат БАҚ-та жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Өзбекстан президентінің сайлауы желтоқсанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісінен қазанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісіне ауыстырылды (биыл бұл күн 24 қазанға түседі). Сондай-ақ, заң шығару палатасы мен облыс, аудан, қалаларда өкілетті мемлекеттік билік органдарының сайлауы осы мерзімге ауысты. Қаңтардың соңында Өзбекстан Парламентінің заң шығарушы палатасы сайлауды кейінге қалдыру туралы заңға түзетулерді қабылдады. Палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, енгізілетін өзгерістер алдағы маңызды мемлекеттік шешімдерді кешіктірмеуге мүмкіндік береді.