«Ақталудан аулақпын». Ринат Заитов басшылық қызметке тағайындалуын түсіндірді

«Ақталудан аулақпын». Ринат Заитов басшылық қызметке тағайындалуын түсіндірді

«Ақталудан аулақпын». Ринат Заитов басшылық қызметке тағайындалуын түсіндірді
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК директоры қызметіне тағайындалған белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов өзінің бұл қызметке келу себебін түсіндірді. «Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да Халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін. Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ. Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не?. Осы сөзбен келісетін шығарсыздар? Өмірдегі ең үлкен тілегім өз елімнің бір бұрышында Қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер алғысым шексіз. Алматы қаласының, мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет. Әзірге осылай...» - деп жазды Ринат Заитов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында. Айта кетейік, кеше айтыскер ақын Ринат Заитов «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы  Ғани Майлыбаев таныстырды. Аталған театр 2016 жылғы 18 тамызда  Алматының Алатау ауданында ашылды. Театрдың 724 орындық концерт залы, қосымша 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залы бар. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 2,034 га құрайды, 3 қабатты ғимараттың алаңы 11515,9  шаршы метр. Дәстүрлі ән-жыр, терме, күй, айтыс, ұлттық кино сияқты бес бағытта қызмет көрсетеді. Республикалық жыршы-термешілер байқауы, халықаралық фестивальдер сияқты түрлі концерттік шаралар өткізіліп тұрады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi)