117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді
ашық дереккөзі
Францияда тұратын Люсиль Рандон (Lucille Randon) есімді қария өзінің 117 жас мерейтойының қарсаңында коронавирусты жеңді, деп жазады Var-Matin газеті. Басылымның мәліметінше, Тулондағы қарттар үйінде тұратын әжейден 16 қаңтарда коронавирус індеті анықталған. Қария вирусты симптомсыз түрін жұқтырған. Люсиль Рандон 1904 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. Жас кезінде ол ауруханада жұмыс істепті, кейінірек дін жолында қызмет еткен. 2019 жылы Рандон өз туған күнінде Рим Папасы Францисктен жеке құттықтау алды. Еске сала кетейік, 2 қаңтарда әлемдегі ең егде адам - жапониялық Канэ Танака, өзінің 118-ші туған күнін атап өтті.