Жамаубаев Президенттің мораторий туралы жарлығына өзгеріс енгізуді ұсынды

Жамаубаев Президенттің мораторий туралы жарлығына өзгеріс енгізуді ұсынды

Жамаубаев Президенттің мораторий туралы жарлығына өзгеріс енгізуді ұсынды
ашық дереккөзі
Шағын кәсіпкерлік субъектілері азаматтардың шағымымен қайта тексерілуі мүмкін. Қаржы министрлігі президенттің мораторий туралы жарлығына түзету енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Министрдің айтуынша, 2020 жылдан бастап шағын кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салатын 3 жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жауапсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдаған.
"Осыған байланысты біз мораторий туралы жарлыққа азаматтардың шағымдарына байланысты жауапсыз субъектілерді тексеру туралы түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Тек өткен жылдың өзінде "Азаматтық бақылау – чекті талап ет" жобасы аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне заңбұзушылық туралы бейнежазбамен 16,5 мың хабарлама түскен. 7 мың шағым мораторийге байланысты жауапсыз қалды. Еске салсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Оның мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған еді. Бірақ, кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.