Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлының рөліне онлайн кастинг жарияланады

ашық дереккөзі

Ахмет Байтұрсынұлының рөліне онлайн кастинг жарияланады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды. Ахмет Байтұрсынұлының 25-35 және 45-65 жас шамасындағы кезін сомдауға басты рөл актерлеріне онлайн іріктеу жүргізіледі. Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 2021 жылғы 1 сәуірге дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс. Мемлекет қайраткері, ағартушы А.Байтұрсынұлының өмірі мен ұлтқа сіңірген еңбегін баяндайтын тарихи телехикая биыл эфирге шығады деп жоспарланған. Онлайн кастингке қатысушылар үшін қосымша байланыс нөмірі: +7 706 408 5868.