Петропавлда бөтелкелестеріне балта ала жүгірген күдікті ұсталды

Петропавлда бөтелкелестеріне балта ала жүгірген күдікті ұсталды

Петропавлда бөтелкелестеріне балта ала жүгірген күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Петропавл полицейлері бөтелкелестеріне балта ала жүгірген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Оқиға 8 ақпанға қараған түні Петропавлдағы жеке меншік үйлердің бірінде болған. Полицияға сол үйде бөлме жалдап тұратын, бұрын сотты болған 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзінің қылмыс жасағандығын айтқан. Оның айтуынша, өзіне аса таныс емес екі ер адамды қонаққа шақырған, соңында дау-жанжал туындап, біреуіне балта сілтеген. Екінші қонағы төбелескендерді айыру үстінде зардап шеккен. Нәтижесінде біреуі ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, екіншісі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа-дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ұсталды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.