УЕФА-ның жаңа президенті сайланды

УЕФА-ның жаңа президенті сайланды

УЕФА-ның жаңа президенті сайланды
ашық дереккөзі
Словения футбол қауымдастығының президенті Александр Чиферин Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Шешім Афинада өткен УЕФА конгресінде қабылданды. А.Чиферинге ұйымға мүше елдердің 55 федерациясының 42-сі дауыс берген. Одан бөлек, президенттікке УЕФА вице-президенті, УЕФА атқару комитетінің мүшесі, Голландия футбол федерациясының президенті Майкл Ван Прааг та өз кандидатурасын ұсынған болатын, алайда, ол тек 13 дауыс жинаған. Сонымен қатар, конгресте Мишель Платини УЕФА басшысы қызметінен кететінін ресми түрде жариялады. Ол ұйымды 2007 жылдан бері басқарып келген. Еске сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде М.Платини сегіз жылға футболдан шеттетілді, сондай-ақ оған жемқорлыққа қатысты айып тағылып, айыппұл салынды. Кейінірек Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) этика жөніндегі комитеті жазаны жеңілдетіп, футболдан шеттету мерзімін алты жылға дейін қысқартты.