«Ақтөбе» сапына франциялық ойыншы қосылды

«Ақтөбе» сапына франциялық ойыншы қосылды

«Ақтөбе» сапына франциялық ойыншы қосылды
ашық дереккөзі
Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақтөбе» футбол клубына франциялық ойыншы Эрвен Мукам алынды. «Ақтөбе» футбол клубынан мәлім еткендей, Э.Мукаммен келісімшартқа қол қойылған. 26 жастағы ойыншы «Страсбур» футбол клубының академиясында алғашқы қадамын бастаған. Содан кейін «Метц» футбол клубының мектебіне ауысты. Бірнеше рет негізгі құрамға тізімге ілінгенімен, алаңға шыққан жоқ. Грекиядан кейін Э.Мукам Беларусь еліне барып, «Неман», БАТЭ клубтарының намысын қорғады. Еуропа лигасының топтық бәсекесінде доп тепті. 2018 жылы Беларусь чемпионы атанды. 2009-2010 жылдары Франция жасөспірімдер құрамасында ойнады.