Жаңалықтар

Мемлекеттердің туын шатастырған әйгілі бренд желіде ұятқа қалды

ашық дереккөзі

Мемлекеттердің туын шатастырған әйгілі бренд желіде ұятқа қалды

Француздың әйгілі Louis Vuitton сән үйінің дизайнерлері киімге баспа ретінде пайдаланылған елдердің мемлекеттік туларын шатастырып, желіде масқара болды, деп жазады Daily Mail.  Ямайка ұлттық туынан шабыт алған атақты бренд сол рәміз түстес ерлер жемпірін 1730 фунт стерлингке (996 мың теңге) сатылымға шығарды. Әлеуметтік желі қолданушылары марка аталған елдің туында бейнеленген жасыл, сары және қара түстердің орнына эфиопиялық тудағы жасыл, сары және қызыл түстер тізбегін таңдағанын байқады.