Қан құстыратын белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды
Қан құстыратын белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды
Танзанияда белгісіз аурудан кем дегенде 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды The Mirror.
Африка мемлекетінің оңтүстігіндегі Мбея аймағына таралған белгісіз вирусты жұқтырған 50-ден астам адамды ауруханаға түскен. Ауру салдарынан науқастар қан құсып, бірнеше сағат ішінде қайтыс болған. Сонымен қатар, дерт жүрек айнуын тудыруы мүмкін.
Жергілікті медициналық сарапшылар індеттің кең таралуы екіталай деп санайды. Олар бұл аурудан көбінесе ер адамдар зардап шегетінін атап өтті. Дәрігерлер жергілікті судың сынаппен ластану ықтималдығын тексеруде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ДДСҰ Nipah вирусы салдарынан жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескерткен еді.