Жаңалықтар

Елімізде баспана бағасы қымбаттады

ашық дереккөзі

Елімізде баспана бағасы қымбаттады

Қазақстанда баспана бағасы өсті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар айында: - таза әрленген жаңа үйлердің республика бойынша орташа бағасы 1 шаршы метрі үшін 319 252 теңгені құрады. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда баға 3% көтерілді; - абаттандырылған үйді қайта сату құны 1 шаршы метрі үшін 244 715 теңге болды. 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 5% қымбаттады; - абаттандырылған үйді жалға алу бағасы 1 шаршы метрі үшін 1 687 теңгені құрады. Бұл, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7% жоғары.