Қызылорда базарында инсульт алып құлаған әйелді тонап кеткен

8 ақпан, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Қызылорда базарында инсульт алып құлаған әйелді тонап кеткен Қызылордада базарда инсульт алған әйелді тонап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Facebook-те жәбірленушінің құрбысы хабарлаған.
"Адамдарға не болған?! Менің құрбым сыйлық сатып алу үшін базарға барыпты. Сол жерде инсульт алып, жансақтау бөліміне жеткізіліпті", – деп жазады Елена Когай.
Әйелді ауруханаға әкелгенде, сөмкесі, банк карталары мен құжаттары болмаған.
"Әйтеуір, телефон күртесінің қалтасында екен. Сол арқылы туыстарына хабарлаған", - деп қосты ол. "Жазба бойынша полиция қызметкерлері жәбірленушінің туыстарымен байланысқа шықты", - деп атап өтті қалалық ПД.