Қызылорда базарында инсульт алып құлаған әйелді тонап кеткен

Қызылорда базарында инсульт алып құлаған әйелді тонап кеткен

Қызылорда базарында инсульт алып құлаған әйелді тонап кеткен
ашық дереккөзі
Қызылордада базарда инсульт алған әйелді тонап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Facebook-те жәбірленушінің құрбысы хабарлаған.
"Адамдарға не болған?! Менің құрбым сыйлық сатып алу үшін базарға барыпты. Сол жерде инсульт алып, жансақтау бөліміне жеткізіліпті", – деп жазады Елена Когай.
Әйелді ауруханаға әкелгенде, сөмкесі, банк карталары мен құжаттары болмаған.
"Әйтеуір, телефон күртесінің қалтасында екен. Сол арқылы туыстарына хабарлаған", - деп қосты ол. "Жазба бойынша полиция қызметкерлері жәбірленушінің туыстарымен байланысқа шықты", - деп атап өтті қалалық ПД.