Бұдан былай қазақстандықтар айына бір-ақ рет шетелге шыға алады
Бұдан былай қазақстандықтар айына бір-ақ рет шетелге шыға алады
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты осындай шектеу енгізілді.
Мемлекеттік шекараны кесіп ету талабы елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне де қолданылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, дипломаттар мен Үкімет қаулысымен шетелге баратын қызметкерлер болса, арнайы тізіммен шекарадан өтуге құқылы.
Сондай-ақ пойызбен жүк тасымалдау процесіне және трансшекаралық құрылыс жұмыстарына қатысушыларға аталған шектеу қойылмайды.
Арнайы тізіммен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында танысуға болады.