Демалыс күндері 5 адам көз жұмған: ІІМ көлік жүргізушілерге үндеу жасады

Демалыс күндері 5 адам көз жұмған: ІІМ көлік жүргізушілерге үндеу жасады

Демалыс күндері 5 адам көз жұмған: ІІМ көлік жүргізушілерге үндеу жасады
ашық дереккөзі
Еліміздің ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Тәртіп сақшылары алыс сапарға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды ведомствоның Instagram парақшасы. Министрліктің хабарлауынша, ауа райының нашарлауы, бірқатар аймақтарда қалың қардың түсуі ел жолдарындағы, әсіресе қала маңындағы жолдардағы қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін. Ведомство өкілдері жүргізушілерге қолайсыз ауа райы кезінде ұзақ сапарларға шықпауға кеңес береді. Қатты жел, бұрқасын мен көктайғақ жол апатына себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге жүргізушілерге жасалған үндеуде жолдарда абай болу, балалар оқу орындарының, қоғамдық көлік аялдамаларының және жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтау қажет екендігі де айтылған. Ведомствоның мәліметінше, демалыс күндері 27 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 5 адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алған.