Жаңалықтар

Мамандар қалың шашқа қол жеткізудің тиімді тәсілін айтты

ашық дереккөзі

Мамандар қалың шашқа қол жеткізудің тиімді тәсілін айтты

Сарапшылар қалың шашқа қол жеткізуге ықпал ететін тиімді әдістерді ашты, деп хабарлайды The Sun.  Басылымның хабарлауынша, дұрыс тамақтану – әйелдер үшін де, ерлер үшін де сау және жылтыр шашты сақтаудың негізгі факторы. Күнделікті ас мәзіріне көк шөптер, майсыз ақуыз, А және Е, В дәрумендері, сондай-ақ фолий қышқылы мен кальций қосылуы керек екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, балық пен жұмыртқаны жиі тұтынған пайдалы. Superdrug медициналық порталы маманының сөзінше, "Шаштың 99 пайызы ақуыздардан тұрады, сондықтан оған аминқышқылдары мен ақуыздардың жеткілікті мөлшері қажет. Оның айтуынша, темекі шегу, алкогольді сусындар ішу және күйзеліс шаштың түсуіне ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандар әйелдерге шашты жиі кесуге кеңес береді, өйткені бұл шаштың зақымданған ұштарынан арылуға мүмкіндік береді. Шашты түзету немесе бұйралау құрылғыларын азырақ пайдаланған жөн, өйткені шашты жиі қыздыру оның құрылымын бұзады. Күйдіруден қорғайтын спрейді алдын-ала пайдаланып,  шаш кептіргішті ең аз қуатта қолданған дұрыс.