ШҚО-да дәрігергер мінген ұшақ тасжолға қонуға мәжбүр болды

ШҚО-да дәрігергер мінген ұшақ тасжолға қонуға мәжбүр болды

ШҚО-да дәрігергер мінген ұшақ тасжолға қонуға мәжбүр болды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында көкке көтерілген Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram арнасында. Министрліктің хабарлауынша, 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында санитарлық рейсті орындаған Ан-2 ұшағын қайта қондыруға мәжбүр болған. Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышы істен шыққанын хабарлаған. "Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға орнына аттанған.