Зейнетақы жинағы: 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден астам қаражат ала алады

Зейнетақы жинағы: 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден астам қаражат ала алады

Зейнетақы жинағы: 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден астам қаражат ала алады
ашық дереккөзі
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес, жалпы саны 762 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Оларға жалпы көлемі 2,4 трлн теңге төленуі тиіс. Олардың арасында:
  • Алматы (70 700),
  • Нұр-Сұлтан (94 700),
  • Қарағанды облысы(77 500),
  • Маңғыстау (64 300),
  • Атырау (58 300),
  • ШҚО (49 400),
  • Ақтөбе (42 400),
  • Павлодар (38 600),
  • Шымкент (29 800) көш бастап тұр.
Қалған өңірлер бойынша, Қостанайда – 26 400 салымшы, БҚО – 25 400, Алматы облысында – 20 900, Қызылордада – 17 400, Ақмолада – 17 040, Жамбылда – 15 900, СҚО – 11 800 және Түркістан облысында – 1 200 адам зейнетақы жинағының артылған сомасын ала алады. «БЖЗҚ» АҚ 10 миллион теңгеден асатын жинақ қоры бар салымшылардың статистикасын келтірді. Республика бойынша 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден асатын қаражатты мақсатты қажеттілігіне ала алады. Мұндай салымшылар Алматы қаласы (15 900 адам), Маңғыстау облысы (13 700) және Нұр-Сұлтанда (7 400) көп тіркелген. Сонымен бірге, өңірлер арасында олар Атырау облысы (7 000), БҚО (2 800), Қарағанды (1 600), Ақтөбе (1 500), ШҚО (842), Шымкент (690), Павлодар (606), Қызылорда (528), Алматы (450), Қостанай (420), Жамбыл (309), Ақмола (267), СҚО (134), Түркістан (20) облыстарында тұрады.