ESPN: Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?
ESPN: Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?
ESPN телеарнасының инсайдері Сальвадор Родригес қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен қарсыласы жапон спортшысы Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің қайда өтуі мүмкін екенін айтты, – деп жазды Sports.kz.
«Бұл айқас Жапониядағы Tokyo Dome аренасында өтуі мүмкін», – деді Родригес.
Бұған дейін ол Головкин мен Мурата командалары келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Алайда жапон боксшысы мұндай салмақты қарсыласпен алдымен «қыздырынатын» жекпе-жек өткізгісі келеді.