«Байқоңыр» айлағында «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

«Байқоңыр» айлағында «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

«Байқоңыр» айлағында «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр
ашық дереккөзі
Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-18» кемесін ұшыру алдындағы дайындық жұмысы жалғасуда, – деп хабарлады Роскосмос-тың баспасөз қызметі. Қазақпараттың жазуынша, жұмыс кестесіне сәйкес, сынақ-монтаждау корпусының жаңғырық шықпайтын камерасында кеменің автономды сынақтарының циклі өткізілді. Сондай-ақ «Союз МС-18» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына жақындауы мен түйісуін қамтамасыз ететін радиотехникалық аппаратураның қызметін тексеру бойынша операциялар жүргізілді. «Союз МС-18» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылдың 9 сәуірінде ұшырылатыны жоспарланған. Кеме Халықаралық ғарыш станциясының бортына келесі – 65-інші негізгі экспедицияның экипажын жеткізетін болады. Еске салайық, Байқоңырдан жақын уақытта болатын старттар: 2021 жылдың 15 ақпанында – «Прогресс МС-16» ғарыштық жүк кемесі, 28 ақпанында «Арктика-М» ғарыш аппараты ұшырылады.