ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиология бақылау комитеті елордада болған жиын туралы мәлімдеме жасады

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиология бақылау комитеті елордада болған жиын туралы мәлімдеме жасады

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиология бақылау комитеті елордада болған жиын туралы мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиология бақылау комитеті Мәңгілік ел даңғылындағы гүл сататын дүкеннің жанына қала тұрғындарының көптеп жиналуынан туындаған оқиғаға қатысты жауап берді. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлайды. Есіл аудандық әкімдігі мен полиция мамандарынан құралған мониторингтік топ 2000-нан астам адамның қатысуымен өткен іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу фактісін анықтады. Дүкен ашылу құрметіне ұтыс ойынын өткізген «Үйлестіру орталығының ақпараты (шұғыл хабарлама) негізінде Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, кәсіпкерлік субъектісіне («Giobal ​​Fiowers» ЖШС) Қазақстан Республиканың Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолдану үшін 8 ақпанда кеңсеге келуге шақыру қағазы тапсырылды», - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Нысан әкімшілігі мен ұтыс ойынына қатысушыларға қаулы талаптарын орындау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сыйлық алуды қалайтын көптеген адам дүкеннің жанына жиналған. Ұйымдастырушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Шектеу шаралары нақты бұзылғандықтан арада бір сағат өткен соң шара тоқтатылды.