Жаңалықтар

Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды

ашық дереккөзі

Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды

Қарағандыда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды e-karaganda.kz «Кейбір БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және интернет-мессенджерлерде пайда болған мәліметтерге қатысты келесідегідей ақпаратты хабарлаймыз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, Қарағанды облысының МАЭС судьясын пара алып жатқан жерінен ұстады», – деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің өкілдері ұсталған судьяға қатысты өзге деректер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.