«Жусан» операциясы-5: Сириядан он екі қазақстандық елге жеткізілді (видео)

«Жусан» операциясы-5: Сириядан он екі қазақстандық елге жеткізілді (видео)

«Жусан» операциясы-5: Сириядан он екі қазақстандық елге жеткізілді (видео)
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті YouTube платформасындағы жеке парақшасында қазақстандықтарды Сириядан қайтару бойынша жүргізілген «Жусан-5» операциясының видеосын жариялады. Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, 4 ақпанда Сириядан Қазақстанға жалпы саны 12 адам, соның ішінде 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала (олардың екеуі жетім) ұшып келген. Аталған операцияны іске асыруға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен халықаралық серіктестер көмектескен. https://www.youtube.com/watch?v=z3oTnhk8Oro