Абат Айымбетов ресейлік клубқа ауысты

Абат Айымбетов ресейлік клубқа ауысты

Абат Айымбетов ресейлік клубқа ауысты
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ресейлік клуб сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс» басылымы.
Белгілі болғандай, Айымбетов жақын күндері самаралық «Крылья Советов» клубымен келісімшарт жасасады.
Естеріңізде болса, қазақстандық футболшы бұған дейін екатеринбургтік «Урал» командасына ауыспақ болған, алайда клуб басшылығы бұл трансферден бас тартты. Сонымен қатар, тулалық «Арсенал» командасының өкілдері де қызығушылық танытқан болатын, бірақ екі тарап ортақ мәмілеге келе алмады. 
Абат өткен маусымда алматылық «Қайрат» құрамында 20 кездесу өткізіп, 10 гол соқты.