15 Қыркүйек 2016, 14:19 2194 0 Әлеумет Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

1 млн тонна астық экспортқа шықты

Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда астыққа шаққандағы ұнды және 992, 7 мың тонна астықты экспортқа шығарды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды. Осылайша, 1 шілдеден бастап 544,1 мың тонна астық, 314,0 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы - 448,6 мың тонна) экспортталды.

Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн тонна астық және 2,1 млн тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.
Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте бірінші вице-министр Қ.Айтуғанов 2016 жылдың болжамы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиыны 22 млн тоннадан асады деп ақпарат берді.

 

Соңғы жаңалықтар