Түркия билігі елде туристік маусым қашан ашылатынын айтты

Түркия билігі елде туристік маусым қашан ашылатынын айтты

Түркия билігі елде туристік маусым қашан ашылатынын айтты
ашық дереккөзі
Түркиядағы туристік маусым сәуір айында басталады. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости Түркия билігі мамырдағы мерекелер қарсаңында елге демалуға келетін ресейлік туристердің қарасы қалың болады деп болжап отыр. Өткен жылы Түркия курорттарында 2,13 млн Ресей азаматы демалған. Жыл қорытындысы бойынша түрік демалыс орындарына келген шетелдіктер саны жөнінен Ресей көш бастады. "Біздің мақсатымыз — жаз маусымын сәуір айында бастау. Ол бірден ашылмайды, бірақ біртіндеп Жерорта теңізінен басталып, содан кейін Эгейге таралады. Біз, ең алдымен, еуропалық туристерді күтеміз", — деді Ерсой Haberturk телеарнасына берген сұхбатында.