Қазақстан азаматы Ресейде ойыншық гранатамен банк тонады

Қазақстан азаматы Ресейде ойыншық гранатамен банк тонады

Қазақстан азаматы Ресейде ойыншық гранатамен банк тонады
ашық дереккөзі
Коминтерн аудандық соты Воронеждің Солтүстік ықшамауданындағы "Альфа-Банк" бөлімшесін тонады деп айыпталған 38 жастағы Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарайды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Politic. Оқиға 2020 жылдың маусым айында Владимир Невский көшесінде болған. Қарулы адам банкке жүгіріп кіріп, тапаншамен және ойыншық гранатамен қызметкерлерді қорқытып, қомақты қаржы талап еткен. Тонаушы банктен шамамен 3 миллион рубль (17 млн теңге) алып кеткен. Арада бірнеше күн өткен соң күдікті жергілікті қонақүйлердің бірінде ұсталды. Алайда құқыққорғау органдары сол уақытта оны Воронеж азаматы деп хабарлаған болатын. Қылмыстық іс материалдары сотқа берілді. Ер адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.