Бөтен біреудің жеке куәлігімен несие рәсімдеген алаяқ үш жылға сотталды
Бөтен біреудің жеке куәлігімен несие рәсімдеген алаяқ үш жылға сотталды
Қызылордада бөтен біреудің жеке куәлігімен несие рәсімдеген алаяқ бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қызылорда қаласының тұрғынының атынан 2019 жылдың ақпан айында «Finbox» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 30 000 теңге және «Деньги населению» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 60 000 теңге несие рәсімдеген алаяқ сотталды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жоғарыда аталған дерек бойынша 40 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Бұдан басқа, күдікті азаматтың басқа да алаяқтық деректеріне қатысы анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді.
Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) бойынша дәрежеленіп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қызылорда қаласының №2 сотының үкімінің негізінде айыпталушыға үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.