Сенаторлар өнеркәсіптің дамуын тежейтін қатерлер туралы талқылады
Сенаторлар өнеркәсіптің дамуын тежейтін қатерлер туралы талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары "Атамекен" ҰКП басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Еліміздегі өнеркәсіптің дамуын тежейтін өзекті мәселелер мен қатерлер күн тәртібіндегі негізгі мәселелері болды. Сенаторлар өнеркәсіп объектілерінің, әсіресе экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны мен жай-күйіне назар аударды. Бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде осы саладағы заңнамалық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстарын айтты.