Сенаторлар өнеркәсіптің дамуын тежейтін қатерлер туралы талқылады

Сенаторлар өнеркәсіптің дамуын тежейтін қатерлер туралы талқылады

Сенаторлар өнеркәсіптің дамуын тежейтін қатерлер туралы талқылады
ашық дереккөзі
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары "Атамекен" ҰКП басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.  Еліміздегі өнеркәсіптің дамуын тежейтін өзекті мәселелер мен қатерлер күн тәртібіндегі негізгі мәселелері болды. Сенаторлар өнеркәсіп объектілерінің, әсіресе экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны мен жай-күйіне назар аударды. Бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде осы саладағы заңнамалық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстарын айтты.  width= Кездесу барысында өндірістік объектілерді жетілдіру, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне кредит беру деңгейін арттыру мәселелері көтерілді. Кездесу "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары" тақырыбына арналған Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.  width=