«Менің көзқарасым — Сатаев режиссер емес»: Ермек Тұрсынов Сатаевты сынады
«Менің көзқарасым — Сатаев режиссер емес»: Ермек Тұрсынов Сатаевты сынады
Кинорежиссер, сценарист, жазушы Ермек Тұрсынов әріптесі Ақан Сатаев туралы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында пікірін білдірді.
«Менің көзқарасым — Сатаев режиссер емес. Ол — саудагер. Режиссер деп жүргенім ол Сатыбалды Нарымбетов, Айсұлтан Сейітов деген жас жігіт шықты, Абдоллалар, Мәжиттер, әрине — солар режиссер. Ал Ақандай режиссерлер көп қой кез келген мемлекетте. Олар режиссерлер емес, олар саудагерлер. Солардың арасына мен Тимур Бекмамбетовті қосар едім. Ол да — саудагер. Ол көбіне кино саласында жүрген коммерсант. Олар — бизнесмендер. Түсінесіз бе? Олар суреткерлер емес. Суреткер дегеніміз — қиналып, ізденіп жүрген, өзінің тақырыбын әбден бейімдеп алған, бір жаңалық ашқан, көрерменіне серіктес, мұңдас ретінде қарайтын адам. Сол ғана суреткер. Ал бұлар тек қалта ретінде қарайды», — Ермек Тұрсынов. Сонымен қатар ол отандық Ақан Сатаевтың туындыларын сынға алды. «Сондықтан олар кез келген тақырыпқа жүгіне береді. «Рэкетир» болсын, «Финансист» болсын, «Еркек» болсын», Елбасы туралы кино болсын, «Томирис» болсын, тарихи кино болсын. Кез келген тақырыпқа түсіре береді ғой. Сен шебер болсаң, кез келген нәрсеге шебер бола бермейсің ғой. Бір тақырыпты сен басынан аяғына дейін меңгеріп алшы. Содан кейін көре жатармыз», — деп қорытты сөзін.